Қ. Көшербаев: «Қызылордада өңдеу өнеркәсібі дамитын болады»

Еуразиялық экономикалық одақ құрылуына байланысты әр мемлекет және оның жеке аймақтары бәсекеге қабілетті болуы үшін өнеркәсіп және саудасын дамытуы тиіс.

«Облыс өнеркәсібінің 93,4 пайызын мұнай-газ және уранды өндіруге тиесілі. Бізді мұндай экономикалық құрылым мүлдем қанағаттандырмайды. Өңір экономикасы белсенді әртараптандыруды қажет етеді. Сондықтан аймақта мұнай өндірумен қатар металлургиялық кластерді қалыптастырамыз. Үкімет металлургиялық кластерді аймағымыздың полиметалдық рудалардың бай қорлары негізінде дамуы бойынша «Жол картасын» мақұлдады. 2010 жылы пайдаланылуға берілген ірі күкірт қышқыл зауытының қуаттылығын екі есе ұлғайту және оның негізінде басқа да химиялық өндірістерді ашу мәселесі қаралуда», - деп атап өтті облыс әкімі.

 «Бізге технологияларды жаңғырту және өндірістік қуаттылықты ұлғайту қажет. Қазіргі таңда мемлекеттеріміз қиын кезеңдерді өткерді. Енді өнеркәсіпті қайта жаңғырту және техникалық қайта жабдықтау секілді мәселелерді бірлесе шешу керек. Жақын арада аймағымыздың деңгейін көтеру үшін өте маңызды жобаларды яғни, шыны зауыты, құбырлар және цемент шығару өндірістерін салу жүзеге асырылады. Келешекте көлік құрылыс зауытын саламыз. Ол үшін әлемдік экономикада тұрақты орнымыз болуы керек. Ал оны аймақтық бірлестіктерге қолға алу оңайырақ және мұндай мүмкіндікті ЕАЭО береді», - деді аймақ басшысы.