Қ. Тоқаев: Сауд Арабиясы - Қазақстанның маңызды әріптесі


Қ.Тоқаев Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы және ислам әлеміндегі ең маңызды әріптестерінің бірі екенін атап өтті. «Біз Эр-Риядпен қатынастардың қарқынды дамуына және екі жақты ынтымақтастықты одан әрі өрістетуге ұмтылыстың ортақ екеніне қанағаттанып отырмыз», - деді Сенат Төрағасы. Осыған байланысты Төраға Сауд Арабиясы Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла Аль аш-Шейхтың өткен жылғы Қазақстанға сапарының маңыздылығын атап өтті.