Бұл туралы Қабатовтың әлеуметтік желіде тараған видеосында айтылған, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздер, әр аулаға кіргенде халық үйлеріне қашады, сіздер кеткеннен кейін қайтадан шығады. Сіздер қайтадан кіресіздер, қайтадан қашады. Өйткені, халықтың сіздердің не айтып жатқандарыңызды түсініп жатқан жоқ. Сіздердің хабарландыруларыңыз орысша, сөйлегендеріңіз де орысша. "Проходим домой", - деп ешқандай қазақ тілінде ештеңе айтып жатқан жоқсыздар. Сол себепті халық не айтып жатқандарыңызды түсінбейді. Әлде қазақша сөйлесеңдер коронавирус келіп қала ма? Коронавирус тек қазақша түсіне ме? "Жүріңдер ана жақта адамдарды кіргізіп жатыр", - деп (күліп)", - деді видеода Тұрсынбек Қабатов.