«Қабатовтың былшылы...»: Белгілі қаламгерТұрсынбектің бойында өре жоқ деп өткір сынға алды


Бұл туралы танымал жазушы, журналист Думан Рамазан өзінің жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

«Олардың әзілі ауыл қазағын мазақ етуден, кемпірді келеке қылудан, ит болып үруден, шошқа болып қорсылдаудан, жылқы болып кісінеуден әрі аспайды. Өте таптаурын, жаттанды, әр концерті сайын өздерін-өздері қайталайды да жатады. Ізденіс кем, кәсіби сатира атымен жоқ. Бәрі әуесқойлардың деңгейінде. Әзілдерінің өзі өте қарабайыр. Кейбіреулер мәз болып, ыржақтап-тыржақтайды, күледі, әрине, оның өзі арзан күлкі... Дарақы күлкі... Тек қана күледі... Сатираның мақсаты тек күлдіру емес қой... Бұл сатира емес, нағыз сайқымазақтық. Күлдіре отырып жылату, күлдіре отырып ойланту жоқ... Сондықтан мен оған баяғыда "Қабатовтың былшылы" деп ат қойғам.
Айналайын-ау, қайта-қайта ауыл қазағын мазақ етудің, кемпірді келеке қылудың, ит болып үрудің, шошқа болып қорсылдаудың, жылқы болып кісінеудің, сиыр болып мөңіреудің не керегі бар?! Басқа тақырып құрып қалды ма?», - деп жазды Думан Рамазан.