Сүйінші жаңалық туралы Ерке Есмахан желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Екеуміз жүріп-жүріп, енді бір-бірімізге қабаттасып күйеуге шығып жатырмыз. Кеше Ақтауда Гүлназға да сырға салынды, ағайын. Бір күнде "сырғалым" болдық. Теңін тапқан құрбыма "бағың ашылсын" деймін", - деген ол.
Ал, Гүлназ Жоланованың өзі әзірге тойға дайындық сәттерінің шет жағасын ғана көрсетіп қойды. Өнер иесінің жұбы кім екендігі әзірге белгісіз.
Айта өтейік, Гүлназ Жоланованың жасы 30-ға келіп қалды. Өзімен қатар ұзатылып жатқан құрбысы Ерке Есмаханның жасы 38-де.