Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов ұйым жұмысын қорытындылады.
Мәжіліс спикерінің атап өткеніндей, 2015 жылдың 1қаңтарынан бастап Еуразиялық Экономикалық қауымдастық қызметін тоқтатып, Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастайды.
Қабиболла Жақыпов аталған қауымдастықтың ЕАЭО қалыптастырудың негізін қалағанын алға тарта отырып, ЕАЭҚ Парламенттік ассамблеясының маңыздылығына тоқталды.
- ЕурАзЭҚ бұл жұмыста басқа басқарушы органдармен бірлесіп, Қауымдастықтың құқықтық базасын табысты қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Осы ретте Парламенттік Ассамблея құқықтық базаны, заңнамалық актілер мен ұсынымдардың үлгілік жобасын жасауға барынша көңіл бөлді,-деді Қабиболла Жақыпов.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Парламентаралық Ассамблея жұмыс істей бастаған 13 жылдан астам уақыт ішінде Қауымдастыққа мүше-мемлекеттер парламенттерінің ұлттық-құқықтық жүйесінде кеңінен қолданылған 200-ден астам ережелер мен нормалар, нормативтік құқықтық актілер қабылданған.
- ЕурАзЭО пен ЕурАзЭҚ ПАА біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарды,-деп атап өтті Қ. Жақыпов.
ЕурАзЭҚ ПАА 2000 жылдан қызмет ете бастады. Қазақстан ұйымға соңғы екі мерзім қатарынан төрағалық етті, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.