Бір сөзбен айтқанда, бұл Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балалардың қабілеті мен оқушылардың кәсіби бағдарлануының алғашқы кәсіби диагностикасы. Бұдан өткен бала қабілеттін егжей-тегжейлі біле алады. Ең бастысы, сол нәтижеге қарай психологтар баланың әлеуетін дамытуға, болашақ мамандықты таңдауға байланысты кеңес береді.
Қабілетті анықтау оңай, онлайн түрде qabilet.elumiti.kz сайты арқылы диагностикадан өтуге немесе облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкентте орналасқан «Дарын» өңірлік орталықтарына баруға болады. Бүгінге дейін 185 мыңнан астам бала осы диагностикадан өткен. Ал жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «El Úmiti» корпоративтік қоры жүзеге асырып отыр.