"Қай аға маған оқ атқан?": Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан бүлдіршіннің суретін өшіріп, жыртып тастаған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

"Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан бүлдіршін Айкөркемнің қабырғаға салынған суретін өшіріп тастапты.

Кішкентай періштенің суретін өшіруге кім тапсырма беруі мүмкін?", деп жазды Серік Абас-шах фейсбук желісіндегі парақшасында. 

Бұл жайында Манас Қайыртайұлы да былай деп жазды әлеуметтік желіде. 

"Айкөркемнің суреті салынды деген жаңалық тарап үлгермей тұрып, өшіріп, жыртып алып тастағаны белгілі болды. Тапсырманы қайсы берсе де, ол тараптың қаңтарға деген көзқарасын анық көрсетіп берді. Бұл дөрекі әрекетті ауыр қабылдадым. Мурал тұра берсе, маңайын тазалап, әрлеп қойса да ештеңе етпейді-ау.
"Қай аға маған оқ атқан?" Ведомтсвоаралық тергеу тобы 5 айда бұл сұраққа жауап бермеді. Себебі оқ атқанның артында оқ атқызған бар. Осылай ұмытылып кетсе дейді. Бірақ уақыт та, бояу да ештеңені ұмыттырмайды. Ақтаңдақ қалады, деп жазды. 


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0MchU4es13jZcWBDQg1RbjGrNQRm4Mtd3eunLKs72PrEcFVTQnGBRymmTTuKQFpP2l&id=100001153087084

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0Xm1hoBypLVod7dwduaHpGxSmyoxNeKLtUnBzdzEByNb8S1t5paNXMcRgyaanQhyVl&id=100002711858685