Көпшілік болашақ құдалардың астамшылдыққа салынып, қымбат киім әпергеніне шүйліккен, деп хабарлайды Caravan.kz.
Шулы видео TikTok әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда болашақ келіндеріне қымбат киімдерді үйіп-төгіп беріп, оны жұртшылыққа көрсетіп жатқан сәт бейнеленген. Жазба авторы:
«Сіздер жақта осындай ырым бар ма? Көпшілік «үй тоғыз» дегенді айтады, алайда болашақ келінге осындай көп киім бергенді алғаш көруіміз. Осындай астамшылдыққа барған дұрыс па?», - деп жазылған.
Желі қолданушылары той иелерін жаппай сынап тастаған. Олар:
«Қай банктен қанша кредит алды екен? Осынша астамшылдықтың не қажеті бар?», «Дарақылық қой нағыз, кім киеді осы киімнің бәрін?», «Ұят емес пе ел-жұрттан, енді келетін жас келінге осынша шашылып?», «Бір түрлі екен» деп жазды олар.