Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Президент Әкімшілігі мен Үкімет тарапынан жүргізілген 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны рейтингінің нәтижесі бойынша Жамбыл облысы республика өңірлерінің арасында бірінші орынды алды.
Әкімнің айтуынша, соңғы 3 жылда өңірлік өнім облыста 33 пайызға өсті. Оның ішінде 2012 жылы бұл көрсеткіш 9,8 деңгейінде болды. Осы орайда былтыр аймақ үшін оның сомасы рекордтық көлемге жетіп 764 млрд. теңгені құрады.