“Қайдағы жас бала, оның жасындағы жігіттердің 2-3 баласы бар” Ерке Есмахан ашық жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Инстаграм әлеуметтік желісінің Stories бөлімінде оқырмандар қойған сұрақтарға әнші ашық жауап берді.

Өзіңіздің ең жақсы көретін әніңіз?

- Әр әнімді баламдай жақсы көремін. Ешқайсысын бөліп жара алмаймын. Әрқайсысының өз орындары бар.

- Бір адамдарды қатты сүйсеңізде өз стиліңізде қалыңызшы.

Сүйіспеншілікпен стильдің түк қатысы жоқ. Мен бұрыннан стильдің түрлі-түрлісін киіп келе жатырмын. Бұрында той, концерт деп көйлек көп киілетін еді. Ал қазір той, концерт жоқ, күнделікті өмірде желпеңдеп көйлек киіп жүрмейтін шығармын. 
Өміріңіздің қанша пайызын стористерде көрсетесіз?!

- 15-29 %  ғана көрсетемін. Супер блогер бола алмайтын сияқтымын.

Сол кішкентай баланы таңдағаның қалай болар екен а?!

Қайдағы кішкентай бала? Оның жасындағы жігіттердің жанұясының 2-3 баласы бар. Менімен хоть сразу бір баласы болады. Оның жасы 9-да болады.

Айта кетейік, Ерке мен AZ-дің қарым-қатынасы осыдан бірнеше уақыт бұрын  белгілі болған. Алайда көпшілікке әнші жақында ғана жария етті.