Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Аллаға шүкір қызды болдық.Елдегі соңғы қайғылы жаңалықтардан шаршаған шығарсыздар. Ленталарыңызға қуанышты хабарыммен бөліскенді жөн көрдім. Жақсылыққа толы жаңалықтарымыз көп болғай. Жыларымды,не күлерімді білмей отырмын. Есімін кім деп қояйық? Медина ?
Тасним ?", - деп жазды Нұржан Керменбаев instagram желісіндегі парақшасында.
Желідегі оқырмандары мен әріптестері ақ тілектерін жаудырды. Және Медина есімін таңдаған оқырмандар басым болды.