Қайнап тұрған самаурынға күйіп қалған екі жастағы қыз бала қаза болды

Алматы облысында күйік алып қалған екі жастағы қыз бала ауруханаға түсті, деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметінен.


           Таралған ақпаратқа қарағанда, қыз бала кеше ауруханаға Талас селосынан түскен.
           "Бүлдіршін самаурын қайнап жатқан үйдің ауласында ойнап жүріп, абайсызда самаурынды өзіне ақтарып алған. Денесінің көп жері күйіп кеткендіктен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады", делінген хабарламада.
           Бұл факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.