«Қайрат» «Црвена Звезда» командасын жеңіп, Еуропа Лигасының екінші раундысына шықты

2:1 есебімен ұтты, деп хабарлады Sports.kz.

«Қайрат» құрамында Бауыржан Исламхан (29-минутта) мен Исламбек Қуат (47 минутта) гол соқты. Қонақтар құрамынан пенальтиде Вукан Савичевич көзге түсті.

Еске сала кетейік, командалар арасындағы бірінші ойын О:2 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталған болатын. Екі кездесудің қорытындысымен алматылық команда Еуропа Лигасының екінші раундысына шықты.

Еуропа Лигасының екінші іріктеу раундысының бірінші матчы 16 шілдеде өтеді.