Футболшы ретінде Чехословакия құрамасында өнер көрсетіп, 1990 жылы Әлем чемпионатына қатысқан 48 жастағы В. Вайсс бұған дейін Словакияның «Слован», «Артмедиа Петржалка» және Ресейдің «Сатурн» клубтарында бапкерлік қызмет атқарған еді. Оның жаттықтыруымен Словакия құрамасы 2010 жылы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Словения, Чехия, Польша командаларын артқа тастап, 1/8 финалға шықты. Сондай-ақ «Артмедиа Петржалка» клубымен УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне (2005-2006 жж.) шығып, Словакия кубогы (2004 ж.) мен Словакия чемпионы (2005 ж.) атағын жеңіп алған. Бұл маманның жолы бұған дейін алматылықтармен бір рет түйіскен болатын. Атап айтқанда, ол баптайтын «Артмедия» 2005 жылы «Қайрат» клубына сырт алдаңда 0:2 боп ұтылғаынымен, өз алаңында 4:1 есебімен жеңіп, алматылдықтарды жарыс жолынан шығарған болатын.