«Қайрат» футбол клубының қосалқы құрамы Анталияның «Мұрат-Паша» командасынан басым түсті


Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Анталияның «Мұрат-Паша» («Murat-Pasha») командасымен болған бұл кездесу 2:0 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды. Онда ойынның екінші жартысында 11 метрлік айып добын орындаған Аслан Оразаев бірінші боп есеп ашып, оны Арман Нүсіп одан ары ұлғайтты. Алматылықтардың бас бапкері Небойш Миличичтің айтуынша, командалар ойынның әр таймында өз құрамдарын ауыстырып отырды.