«Қайрат» футболшылары Ташкентте екі рет жеңімпаздар тұғырынан көрінді

Алғашқы ойынды «Қайрат» Иранның жастар құрамасымен өткізіп, 3:0 есебімен жеңді. Өзбекстанның құрамасымен ойын да Қазақстан өкілдерінің жағында болды, жалпы есеп - 5:2.

Өзбекстан мен Иран командалары арасындағы ойын 4:0 есебімен өзбектердің жеңісімен аяқталды. Жоғарыдағы елдердің азиялық шағын футболдың көшбасшылары болып отырғанын атап өту керек.

Бүгін «Қайрат» өзбекстандық «Ардус» командасымен ойнайды.