Қайрат Келімбетов зейнетақы қорларындағы ақшаның жұмсалуын өз бақылауына алды

Сөйтіп, теңгені құлдыратып, бірақ оны «ертеңіне естідім» деп күлкіге қалған Келімбетов енді Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн басқару кеңесiне де, жетекшілік  етеді. Онымен бірге  қорға түсетін миллиондарды Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, президент кеңесшісі Ербол Орынбаев, тәуелсіз қаржыгерлер мен шетелдік сарапшылар ұдайы бақылап отырмақ. Кеңес құрамын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бекітіпті. Айта кетсек, былтыр жазда еліміздегі жеке зейнетақы жинақтаушы қорлары жабылып, орнына жалғыз мемлекеттік қор құрылған болатын. Оның 100 пайыз акциясы Ұлттық банкке тиесілі. Қазіргі таңда жеке меншік шоттардағы ақша сәуірге дейін мемлекеттік қорға аударылып болуы тиіс. Ал жалақысының 10 пайызын жырып, қорға құйып отырғандар кезекті реформаға күмәнмен қарап отыр.


Меруерт Махмұтова, тәуелсіз сарапшы:

-Әрине,соңғы уақытта девальвация халықтың Үкіметке, Ұлттық банкке, ұлттық валютаға деген сенімін азайтты. Сондықтан барлық активтерді бір қолға сақтау  дұрыс емес.