«Қайрат» командасы «Тараздан» 3:1 есебімен басым түсті


Кездесудің бірінші жартысында алаң иелері қарқынды шабуылдап, үзіліске дейін алматылықтар екі голды салып үлгерді.
Ойынның екінші жартысында олар қорғаныс тактикасын ұстанды. Өз кезегінде «Тараз» ойыншылары шабуылды үдетіп, 77-ші минутта есеп ашты.

Кездесудің соңғы минуттарында «Қайрат» футболшылары тағы бір гол салып, айқын басымдықтарын көрсетті. Нәтижесінде, «Қайрат» пен «Тараз» арасындағы бұл тартысты ойын 3:1 есебімен аяқталды.