«Қайрат» Лучано Спаллеттимен келісім-шарт жасағандығын жария етті


 55 жастағы итальяндық маман жергілікті «Қайратпен» келісім-шарт жасау үшін Алматыға келді, деп хабарлады қазақстандық клубтың ресми сайты.

Әзірге бонус сомасына байланысты  түйткіл бар. Бірақ тараптар бұл мәселенің шешілетіндігіне сенімді. Айта кетер жайт, Лучано Спаллетти  Алматыға өзінің жаттықтырушылар штабын ала келмек. Итальяндық мамандардың алдына қойылған басты талап - «Қайратты» Еуропа  Лигасының  ¼ финалына шығару.

Лучано Спаллеттидің соңғы жұмыс орны - «Зенит» (2009). Ол командадан 2014 жылғы наурыздың басында шығарылған болатын. Итальяндық жаттықтырушы болған кезеңде питерлік клуб  Ресейдің екі дүркін чемпионы (2010 және 2011/12) атанды. Сондай-ақ елдің Кубогын және Суперкубогын жеңіп алды, деп жазады  Vesti.kz.