"Аталмыш қылмыстық істің қоғамды дүр сілкіндіргендігін, сондай-ақ БАҚ-да сот отырысының жабық өтуіне қатысты көптеген наразылықтардың білдірілгендігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасына аталмыш істің жабық түрде өтетін сотта қаралуының негізділігін анықтап, басын ашуды тапсырды",- деп көрсетілген бүгінгі таратылған хабарламады.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты қылмыстық іс аталмыш іске төрағалық етушінің қаулысы бойынша Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотында жабық түрде қаралуда. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті