Қайрат Мәми әсіресе адам тағдыры шешіліп жатқан сәтте гаджетін шұқылап отыратын қазыларға қатаң ескерту жасады. Өйткені, соңғы кездері судьялардың үстінен Жоғарғы сотқа шағым көптеп түсіп жатыр екен. Процесті кешіктіріп бастап, өзін дөрекі ұстау тіпті, кейбір қазылар өзі қарайтын істің мән-жайынан да хабарсыз боп шыққан. Мұны сот залындағы бақылау камерасына жазылған видеоларды қайталап көру арқылы анықтапты. Мәселен, Қызылорда облыстық сотының судьясы мен прокуроры процесс бойы телефондарынан көз алмай отырған. Сондықтан еліміздің бас қазысы облыстық соттардың төрағаларына барлық процестің бейнежазбасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:
-Мұндай сорақы жайт бүкіл сот жүйесінің беделіне нұқсан келітіріп жатыр. Бұдан былай судьялар өз жұмысын дұрыс атқармайтын болса, судья этикасы жөніндегі комиссияға шағымданамыз. Солар тиісті шешім қабылдайтын болады.
Loading...