Қайрат Нұрдәулетов «Астана» футбол клубының 2011 жылғы үздік қорғаушысы деп танылды

Оған жанкүйерлердің 28,88 пайызы дауыс берген.

Қайрат Премьер-лигадағы ел чемпионаты мен ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатының іріктеу сайыстарында да орнықты ойын өрнегімен көзге түскен болатын. Аяқдоп спортының жанкүйерлері астаналық команданың өзге қорғаушыларынан Михайл Рожковқа 27,95 пайыз, Максим Жалмағамбетовке 23,12 пайыз, Марк Гурманға 9,03 пайыз, Пиралы Алиевке 8.61 пайыз дауыс берген.