Қайрат Нұртас бір күн бойы концертінің билеттерін өзі сатпақ

2 желтоқсан күні әнші Алматыдағы республика сарайының кассасында өзі отырады. Сондай-ақ, бұл күні тыңдармандары сүйікті әншісінен қолтаңба алып, онымен бірге суретке түсе алады.

Айта кетейік, биылғы концертін әнші ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. “Алматы-Арена” мұз айдынында өтетін ән кеші инновациялық шоу-концерт түрінде ұйымдастырылуда.