Қайрат Нұртас ресейлік әншіні қазақша сөйлетті - ВИДЕО

Бұл туралы видео Қайрат Нұртастың Instagram парақшасында жарияланды.

Қайрат Нұртас Мәскеуге барған сапарында ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарын Астана сахнасында бірге өнер көрсетуге шақырған. Қайраттың мұндағы ойы жұртшылыққа тосын сый жасап, ерекше шоу-бағдарлама қойып, тыңдармандарын таңғалдыру болса керек. Белгілі болғандай, ерекше концерт 12 желтоқсан күні «Астана-аренада» өтеді.