Қайрат Нұртас: “Тойды көп көріп едіңдер, соңы өліммен аяқталуда”

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Shownews.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Тойсыз карантин қалай өтуде?", "Инстаграммен табысыңыз қалай?" -деген сұраққа Қайрат еш кідірмей жауап берді.

" Жалпы той болмаса күн көре алмайды, тойдың әншілері дегендерге мен түсінбеймін. Той деген қазақтың қазынасы ғой. Көп көрген еді тойды соңы не болып жатыр. Бәрі өліммен аяқталуда. Тойсызда күн көре аламын мен. Өнерсіз өмір сүре алмаймын дегенім, тойсыз өмір сүре алмаймын дегенім емес. Осыны көп адамдар дұрыс түсінбейді. Мен үйдің үлкенімін, артымда інілерім бар. Мен оларға қолғабыс болуым керек. Тек тоймен ғана өмір сүреді дегендерге күлкім келеді. Жеке бизнестерім бар шүкір. Бұйыртса карантиннен соң жақсы жаңалықтар болады. 

Инстаграммен табыс табу деген бар, несін жасырайын. Гив неге ойнатпасқа? Мен халықтан ақша жинап алып жатқан жоқпын. Тек лайк басып, пікір жазып неше түрлі сыйлықтар жеңіп жатады адамдар. Сол құрлым неше түрлі әңгіме жазып, инстаграмда бос отырады. Сол себепті мен ешқандайда бұрыс нәрсе істеп отырған жоқпын. Соны түсінсе екен деймін. Елім аман, жұртым тыныш болса ең бастысы сол менің жүрек қалауым. Біз бірге бәрін жеңіп шығамыз. Әлі-ақ тойлатып, қуанып жүретін күндеріміз алыс емес" - деп ағынан жарылды.