Қайрат Нұртас төрт баласын халыққа қашан көрсететінін айтты

Он жыл жасырған жарын көпшілікке «Арман» фильмі арқылы таныстырған Қайрат Нұртас енді төрт баласын да сахнаға алып шықпақ деп хабарлайды «НТК» арнасы. «Жұлдыз әлі сондай. Әлі сондай қарапайым, әлі сондай әдемі, әлі сондай тәтті. Рахмет саған, жаным-ау! Осы күнді қанша күттің. Бізге де оңай болған жоқ ағайындар», - деген еді алғаш жарын таныстырған Қайрат Нұртас.



Әнші соңғы кездері бүлдіршіндерін де халық алдына шығаруды ойластырып жүрген көрінеді. Мәліметтерге сүйенсек, өнерпаз наурыз айында өтетін кешінде балаларын қалың бұқараға көрсетуді жоспарлап қойған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын танымал әнші өзінің 29 жасын атап өткен болатын. Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың Сезім, Алау есімді қыздарымен Нарұл, Хан есімді қос ұлы бар.