Қайрат Нұртас - Жаным әнінің сөздері

Жаңа туындының әнін жазған Қайрат Нұртас, ал  сөзі Саят Әбеновтыкі.

Сенде мені ұнаттың,
Менде сені ұнаттым бірден.
Қосыла алмай жүрміз-ау,
Бірақ -ақ жаным оны мен білем.
Сыр ашпайсың маған сен мүлдем,
Айтшы неліктен?!

Қайырмасы:
Жаным, бәрібір сен менің мәңгілік жадымдасың.
Жаным, бәрібір жырақта жүрсеңде жанымдасың.
Өзімнен басқа жан өзіңді сағынбасын.
Жаным!

Кездескенге өкінемін,
Енді сеннен өтінем ұмыт.
Қосылмасаң жаным-ау,
Сыйлап жүрсің неге-неге құрмет?
Өмірімді кеттің мұң қылып,
Айтшы неліктен?!

Қайырмасы