Қайрат Нұртастың әйелі: Маған карантин ұнап жатыр, ұзағынан болса екен!

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ernur.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сұхбат онлайн режимде өткен.

Сұхбат барысында әнші ата-анасының үйіне карантин жағдайы кезінде ұры түскені туралы да айта кеткен. Сондай-ақ әнші қазіргі жағдайдың отбасымен, жұбайының жанында ұзақ бірге болуына, балаларына көңіл бөлуге септігін тигізгенін айтқан.

"Қазір таңғы ас ішетін болдым, балалармның жанында көбірек болып, отбасымдағы кейбір жағдайлардан хабардар болып жатырмын" - дейді әнші.

Ал әншінің 10 жылдан кейін танымал болған жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі жағдайдың жақсы өтіп жатқанын айтқан.


"Бірге дүкен аралап, ақылдасып азық-түлік алып жүрген ерлі-зайыптыларды көріп қызығатынмын. Қазір бұл жағдай карантин кезінде өз басыма келді. Сондықтан маған карантин ұнап жатыр, ұзағынан болса екен!" - дейді хитменнің жұбайы.