Онда «Той керемет өтті» деп жазылған. Бәрі де жап-жақсы, жарасымды. Кілең жұлдыздар Мақпал Жүнісова орындаған әнге билеп жатыр. Бірақ әлеуметтік желі қолданушылары бір жайтқа түсінбегенін айтыпты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
«Осындай дүбірлі тойда келінінің отбасымен болмағаны түсініксіз екен» деп жазады askarova.zerkhan деген қолданушы. Инстаграмда бұл пікірге қосылып жатқандар көп.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың үйленгені және бірнеше баласы бар екені біраз жылдан бері жазылып келеді. Бірақ әнші де, оның анасы да, жұртқа қанша мәлім болса да, бұл ақпаратты әлі күнге дейін растаған жоқ.