Қайрат Нұртастың інісі жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады: "Өзіміз шешеміз"

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Заңғар Нұртастың инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, желі қолданушылары биыл шаңырақ көтерген әншіні әйелі Жібекпен ажырасып кеткен деп болжап отыр. Заңғар да, әйелі Жібек те әлеуметтік желідегі парақшаларында бірге түскен фото және видеоларын өшіріп тастағаннан. Осыдан кейін, ерлі зайыптылардың қарым-қатынасы туралы ел сұрай бастады. 

Заңғар ұзақ уақыт үнсіздіктен соң ақыры жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады. Дегенімен, Заңғар Нұртас "Құрметті дос, бауыр, оқырман! Пенденің басына не келіп, не кетпейді. Өтініш, жеке өміріме араласпауларыңызды сұраймын! Аллаға шүкір, бәрі өз орнымен", - деп қана тақырыпты жауып отыр. 


Ал, Жібек бұл жайтқа қатысты әлі пікір білдірмеді.