Қайрат және Заңғар Нұртастың орындауындағы “My Universe” әні біраз сынға ұшырағанымен, тыңдарманын тапты. Қазақстандықтарды былай қойғанда, аталмыш туындыны шетелдіктер де тыңдайтын көрінеді. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, ән Майами қаласында хитке айналып үлгеріпті.
“Кім не десе де “Өріс-өріс” деп екі құлыншағым да кеше Шым қаланың ашық алаңында болса, бүгін Қайроштарыңыз Хромтаудың ашық алаңында сіздермен бірге. Алла тілеуімді қабыл еткен шығар, Қайратым алғашқы “Арман” әнімен бірден xитқа айналса, Жұлдызымның жұлдызы жанып, кино әлемінде “Арман” фильмінде ең мықты актриса номинациясын жеңіп алып, көрермендерге жол тартып, Америка елі де киномыздың көрсетілуіне шақыру үстінде. Ал Занғарым, ағасымен өріс-өрісімен. Бұл әндері тек қазақ елінде емес, шет елдерде де xитқа айналды. Майами қаласына кеткен құрбым, кеше xабарласып, бұл жақтағылардың көбісінің қоңырауында осы ән екен, өз құлағыммен есітіп қуанып жатырмын дейді”, – деп қуанышымен бөлісті Гүлзира Айдарбекова.
Иә, Айдарбековтер әулетінің әр мүшесі бүгінде ел аузында! Қайрат Нұртастың ата-анасы, бауырлары мен жұбайын айтпағанда, кішкентай бүлдіршіндеріне дейін “жұлдызға” айналған. Хитменнің кенжесі Хан балдай тәтті қылығымен Instagram оқырмандарының сүйіктісіне айналса, үлкен атұстары Нарұл өзін модель ретінде сынап көрген. Ал Қайрат пен Жұлдыздың екінші қызы Алау киноға шақырту алып үлгеріпті.
“Алла бақытымды ұзағынан етсін. Негізі ойламаған жерден Хан да xит сияқты. Алауымды да кино әлеміне шақыртуда. Барша аналарға тілерім: үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін!” – деп түйіндеді сөзін Айдарбекова.