Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген оның ісіне қатысты қаулы шығарылмайынша бір ай көлемінде қамауда болады, деп хабарлады сот коллегиясының баспасөз қызметі.
"Бүгін Алматы қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі коллегиясы Қайрат Құдайбергеннің адвокатының өтінішін қанағаттандырмады, оны қамауға алу туралы санкция өзгеріссіз қалады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық мәслихаттың депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген 21 сәуірден 22 сәуірге қараған түні Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.