Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Белгіні оның бауыры Талғат Рысқұлбеков тапсырды.
Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ауыр үкім - өлім жазасына кесіліп, кейін бұл жиырма жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылған болатын. Ол Семейдегі түрмеде, жазасын өтеуге кетіп бара жатқан жолда қаза тапқан. 1992 жылы қайтыс болған соң ақталған. 1996 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен оған "Халық Қаһарманы" (Халық Батыры) атағы берілді.
Еске салайық, бүгін Алматыда 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, оған қоғам қайраткерлері, репрессия мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және қала жастары қатысты.