«Қайрат» шағын футбол командасы Норильскідегі халықаралық турнирге қатысуда

Онда ел намысын Қазақстанның 9 дүркін жеңімпазы болған алматылықтар қорғауда. Жоао Барбоза жаттықтыратын «Қайрат» аяқдопшылары бүгін кешке алғашқы кездесуін Қытайдың Шанхай қаласының «Шанхай КсюФан» командасымен өткізеді. Сәрсенбі мен бейсенбі күндері Беларусьтың Витебск қаласының «ВитЭн» командасымен және жарыс қожайындарының «Норильский Никель» футболшыларымен күш сынасатын болады.

Алматылықтар Норильск қаласына 1 сәуір күні аттанған болатын. Былтыр олар бұл турнирді сәтсіз бастаған еді. Онда Украинаның Луганск қаласының Луганск телефон компаниясының «ЛТК» командасымен болған алғашқы турда 1:2 есебімен жеңіліп қалды.