Қайрат Түнтеков әзірге алтыншы орында - Юрмаладағы «Жаңа толқын - 2010» ән байқауы

Бәсекенің бірінші күнінде Майкл Джексонның әнімен сахнаға шыққан еліміздің жас әншісінің қоржынында 91 балл бар. Ал жарыстың екінші күні, яғни бүгін ол қазақтың халық әні «Назқоңырды» орындамақшы. Естеріңізге сала кетейік, Мәскеуде өткен іріктеу сындарында қазылар Қайраттың осы әнін жоғары бағалаған болатын.

Ал, бірінші кезеңнен кейінгі жалпы есепте украиналық әнші Татьяна Ширко Селин Дионның «All By Myself» әнін орындап, 96 балдық көрсеткішпен топ бастап тұр. Онан кейінгі екінші сатыда Израиль әншісі болса, алғашқы үштікті Армения өкілі қорытындылады. Мейлінше аз балл жинаған ресейліктер әзірге тізімнің соңғы жағында.

Сайыстың бұл күнінде «А Студио», Алсу, Валерий Леонтьев, Ирина Дубцова және Варвара Алексей Чумаковпен бірге және басқа да өнер жұлдыздары ән шырқады. Айта кетерлік бір жәйт, бұл күні әлемге танымал әнші Энгельберт Хампердинк сахнаға шығып, өзінің танымал туындыларын орындады.

Әлемнің 12 елінен 17 үміткер қатысып жатқан айтулы ән байқауының ақтық кезеңі тамыздың 1-де өтеді.