«Қайрат» УЕФА кубогы иегері атағын қорғамақ

«Бакудегі сыйымдылығы 2200 жанкүйерге арналған «Серхедчи» олимпиадалық спорт кешенінде өтетін турнирге УЕФА кубогының игері Алматының  «Қайрат», испандық «Барселона», әзербайжандық «Араз» және мәскеулік «Динамо» клубтары қатысады», - делінген хабарламада.

Кездесу кестесі (Баку уақыты бойынша - Астана уақытымен екі сағат айырмашылық бар)

24 сәуір

18:30 Қайрат - Динамо


21:00 Араз - Барселона

25 сәуір
демалыс күні

26 сәуір
19:00 үшінші орын үшін матч
21:30 Финал

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматының «Қайрат» командасы отандық шағын футбол тарихында алғаш рет жартылай финалда Испанияның «Барселонасын», ал финалда Мәскеудің «Динамосын» ұтып, УЕФА кубогының иегері атанған болатын.