Жалпы, бизнесменге қатысты «Ірі көлемде ақша бопсалау», «Адамды қасақана қамап заңсыз ұстау» және «Күшпен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу» баптары бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалған дейді Әлібидің жақындары. Кінәсі дәлелденсе Жамалиевтің дүние-мүлкі тәркіленіп 15 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Бір қызығы, бұған дейін сот атышулы бизнесменнің 3 қымбат көлігі, элиталық пәтері және 5 компаниясындағы мүлікке тыйым салған еді. Алайда, оның көбі қожайынына қайтарыла бастапты.
Нұрлан Жұмағұлов, Әліби Жұмағұловтың әкесі:
-Прокуратура салынған тыйымға аяқ-асты қарсы шығып, Жамалиевтің мүлкін өзіне қайтарып жатыр. Қазір айыптау қортындысы әзірленуде. Оған 3 бірдей қылмыстық істің қосыларына күдігім бар.
«Ақпараттық соғысқа» айналып кеткен істе Жамалиевтің адвокаттары да қалысар емес. Бүгін олар, бизнесмен Әлібиді зорлаған деген айыпты сот сараптамасы растаған жоқ деп мәлімдеді.
Мұхамбеткали Шайхин, Қайрат Жамалиевтің адвокаты:
-Биологиялық геномдық сараптама сексуалдық сипаттағы әрекет болмағанын растады. Бұл жәбірленушінің ойдан шығарғаны.Нақты айғағы жоқ. Ал Әліби Жұмағұлов Жамалиевтен моральдық және материалдық шығын ретінде 200 миллион 640 мың теңге талап етіп отыр.
Loading...