Қайраттың отбасымен концерт беруіне тыңдармандары қарсы шыққан

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды stan.kz.

«Папасы, мамасы өлең айтып қойды. Мүмкін анауы шығатын шығар. Мүмкін енді иті айтатын шығар, мысығы айтатын шығар деген сияқты әңгімелер айтады. Енді мен ән айтуды қылмыс деп ойламаймын», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Қазіргі таңда Қайрат жанұясымен жаңа бағдарлама әзірлеп, таяуда тыңдармандарына тағы бір кеш ұсынбақ. Ауқымды шоуда әншінің ата-анасы, жұбайы мен балалары және інісі де өнер көрсетеді екен.

«Әу демейтін қазақ жоқ дейді ғой. Сондықтан ән айту деген ұят нәрсе емес. Бір көшеде арақ ішіп, домалап жатқан жоқ. Не болмаса біреудің тұмсығын бұзып, ұрлық істеп түрмеге түсіп жатқан жоқ. Ол жаман нәрсе емес қой негізі. Негізі күндеуге болмайды. Айтқан адам айтқанынша айтсын. Халық ұнатып жатса тыңдайды», – дейді Айдарбекова.

Оқи отырыңыз:

Мұратхан Тоқмәдиге сот үкім шығарды

Зағипа Балиева баланың отбасына не себепті пәтер берілетінін түсіндірді