Олар Болгарияның Пловдив қаласының «Ботев» командасын 1:0, Грузияның Тбилиси қаласының «Локомотив» командасын 4:2 есебімен ұтып, Ресейдің Мәскеу облысының «Мастер-Сатурн» командасынан 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Отандық команда 6 ұпаймен турнир кестесінде 3-ші орында келеді. Бүгін олар 7 ұпаймен көш бастап келе жатқан алаң иелерінің «Аланьяспор» командасымен кездеседі. Ертең ақтық ойынын қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ Ресейдің Находка қаласының «Океан» командасымен өткізеді.
Ал турнир кестесінде 7 ұпаймен 2-ші орында келе жатқан «Мастер-Сатурн» бүгін «Ботевпен», ертең «Локомотивпен» кездеседі. Олар бұған дейін 2 ойында басым түсіп, жарыс қожайындарымен 1:1 есебімен тең түскен болатын.