«Қайсар» құрамын толықтырып жатыр

Қазіргі күндері команда құрамында бір топ жаңа ойыншылар сынақтан өтуде. Олардың қатарында «Ақжайықтан» келген Илья Байтеряков, «Тобылдан» Александр Шкот, «Шахтерден» Сергей Козюлин, «Ертістен» Арман Бірқұрманов, гвинеялық Мамади Сангаре, Олег Шептинский, Литвадан Дариус Мацейка мен Валериус Мижугирскис, Грузиядан Лаша Челидзе бар.

Алдағы наурыз айында өтетін соңғы оқу-жаттығу жиынынан соң бұлардың арасынан команда құрамына кімдердің алынатыны белгілі болады.