Бұл жайлы Caravan.kz медиа порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды
Басылымның мәліметінше, мамыр айының соңына қарай індет жұқтырғандар саны аптасына 45 млн-ға, ал бір айдан кейін тіпті 65 млн-ға жетуі мүмкін.
"Вирустың қайта өршуінің бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, Қытайдың пандемияға қарсы COVID Zero саясатының тоқтауы, бастапқы кезде қарағанда ұжымдық иммунитеттің әлсіреуі және Омикрон штамының ел арасында кеңінен тарауы сынды белгілер індетті қайта өршітуі ғажап емес", – деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының тоқтағанын хабарлаған. Ақпаратта тұмаудың бұдан былай әлемдге төнген төтенше қауіп түрі емес екені айтылды. Мәлімдемеден кейін Қазақстандағы сырқаттану статистикасының да жариялануы тоқтады.