Табытты Павлодардан алып аттанып кетті", - деп түсіндірді бөлімше командирі Марат Аринов. Оның айтуынша, қайтыс болған жігіттің отбасында төрт ұл болған, ол үшіншісі. М. Аринов сондай-ақ, бөлімшенің әскери қызметкерлері қатардағы Башаровтың отбасына көңіл айтып, болған оқиғаға өкініш білдіргендігін хабарлады.
"Біз оның ата-аналарының алдында осы қайғылы оқиғаға жол бергеніміз үшін кешірім сұрадық",- деді бөлімше командирі. Әскери бөлімше ұжымы жерлеу шығындарының жартысын өз мойындарына алған. Атап айтқанда, әскери қызметкерлер Қарабалық аулына азық-түлік пен отбасына көмек ретінде 100 мың теңге беріп жіберген.
Бөлімшеден хабарлағандай, 19 жасар Башаров әскерге осы жылдың маусымында шақырылған. Бұрын хабарлағанымыздай, шұғыл қызметтің 19 жасар әскері Бек Башаров 30-тамызда ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Екі апта өткеннен кейін ішкі әскердің қатардағы жауынгері Павлодардың №1 ауруханасының жансақтау бөлімшесінде көз жұмған болатын.
Әскери-тергеу бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Ефрейтор Павлодардың уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 370-бабы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті