Қайыңдыға барар жолда туристер мінген көлік жол апатына ұшырады

Бұл ақпаратты Алматы облысы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев растады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-не сілтеме жасап. 

"Осы апаттан төрт шетелдік турист зардап шекті - екі ресейлік және екі Үндістаннан келген турист. Олар жеңіл жарақаттанған. Жол-көлік оқиғасынан кейін бірден жедел жәрдем көлігімен Жалаңаш ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, тексеріліп, көмек көрсетілді", - деді Теңізбаев.

Оқиға орнында 1986 жылы туған әйел қаза тапқаны белгілі болды.