"Қайынысына жеңгенің бір саны". Қазақ қайынағаға келінге көз салуға болады деп, өзі рұқсат бері қойған - психолог

Зорлық-зомбылықтың көбейген жоқ, ол әу бастан бар дейді психоаналитик, Орталық Азия психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында. 

- Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың көбеюі. Қайын ағаның келінге көз салуындағы әдепсіздік. Жақында ғана 6 баласы бар келіншекке қайын ағасы көз салған, яғни, зорлауға әрекет жасаған...Мұндай оқиғалардың қазақ қоғамында көбейуіне не себеп?
- Зорлық-зомбылық – адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Құрандыы алсаңыз да, библяны алсаңыз да екі адамның бір-біріне жек көруі, біріне-бірі қарама қайшылығы.
Зорлық-зомбылық адамзат тоқтағанда тоқтайтын шығар. Жануарлардың әлемінде де зорлық-зомбылық бар. Сол хайуанаттармен айырмашылығымыз – сана. Өкініштісі, адамзат сол сананы пайдаланбайды. Сана дегеніміз қарым-қатынастағы көрінісі – тіл, сөз. Сөзбен жеткізе алмайды, сөзбен тоқтата алмайды. Өзінің агрессиясын, өзгенің агрессиясын жұдырық кетеді, содан мұрынды бет қылады.
Сондықтан, сіздің қазір көбейіп кетті дегеніңізге келіспеймін. Ол үнемі болатын нәрсе. Сіз қазір өмір сүріп жатқандықтан, қазір сіздің жаныңыз ашып жатыр.

Сіз оларды қазір көріп жатқандықтан қазіргі таңда көп деп айтып жатырсыз. Өзіңіздің ата-әжеңізден сұрасаңыз, зорлық-зомбылық ол кезде де болған нәрсе. Зорлық-зомбылық біз кеткеннен кейін де болатын нәрсе.

Енді үміт бар. Психологиялық мәдениет, психологиялық сауаттылық кеңінен тараса, адамзат жұдырықты емес, санасын пайдаланады. Сондықтан, бейбітшілік жолмен түрлі кикілжіңді шешуге болады.
Ал, ағасы мен інісі екеуі бірдей тәрбие, бірдей жұмыс, екеуі бірге өсті. Кішкентай кезінен ағасы мен інісі, әпкелі-сіңілі бірін-бірінен қызғанып өсдеі. Ағылшын тілінде «сиблинг» деп атайды. Бұл дегеніңіз – әке-шешем мені 100 пайыз жақсы көрсе екен, маған ғана бар жақсыны әперсе екен дейді. Әрине, ол олай болмайды. Үлкенін жақсы көреді, ортаншы жақсы көреді немесе кенже баланы жақсы көреді, мені жақсы көрмейді деген ұғым қалыптасады. Қандай адам, қандай бала маған консультацияға келгенде ата-анам мені жек көреді, мені жақсы көрмейді деп ойлайды. Сондықтан, екеуінің арасындағы тайталас заңды түрде деп айтамыз. Бірақ, өкінішке орай, мына жерде ағасы іштегі нәрсені сыртқа шығарып тұр. Ағасының санасы кем-ау деп тұрмын. Не де болса бұл менің келінім, ініммен бірге өмір сүріп жатыр, қанша бала-шағасы бар. Иә, маған қызық менің әйеліммен салыстырғанда оның бөксесі үлкен, көзі жақсы, сөзі жақсы. Қайтем енді тағдыр. Інімді бірінші кездестірді, екеуі жақсы өмір сүріп жатыр деп тұрған жоқ. Саналы аға, мәденеиті бар аға мұндай іске бармас еді. Ішінде келініне деген қызығушылық болса да. Одан қалды бізідің заңымыз бар, салтымыз бар. Біреудің әйеліне қырындама, өзің туыс-жақындарыңа, өзгеге қол көтерме деген. Ал, бұл еркекке бәрібір болып тұр. Мен қызықтым, қане шешініп, астыма жата қал деген шығар. Айтқанын жасамаған келінге ашуланып, неге менің қалағанымды жасамайсың деп, қол жұмсап, түрлі әрекетке барды. Ол адамдық бейнеден шығып, хайуандық деңгейге түсіп кетті. Ішкі мәдениет те жоқ, сыртқы мәдениет те жоқ.
Негізінен қазақтың мақал-мәтелдері, қазақтың дәстүрі адам психологиясына кінәлі.
Қазақтың өзі әу бастан, «жеңгенің бір саны қайнысынікі» деп, сол сияқты, қайынағаға да рұқсат беріп тұр. Жеңге не, келінің не бәрібір болып тұр.

- Педофилия жайлы не айтасыз? Шолақай ауылында 62 жастағы шал 12 жасар қызды зорлап келген. Бәрібір бұрынғымен салыстырғанда қазіргі таңда көп белең алып тұрған сияқты...

- Бізде нақты статистика жоқ. Сондықтан, бұрын жабылған қазан жабылған. Абайдың кезінде де, кеңес өкіметі кезінде де солай болған. Ештеңе айтылмаған. Қазір бәрі айтылып жатқындақытан, бізге бұрынғымен салыстырғанда көп болып көрінеді. Ашық, анық бәрі айтылып жатыр.
Ал, енді сіз көтерген тағы бір мәселе - педофилия.
Туған әкесі өз қызын 11 жастан 16 жасқа дейін зорлап келген. Сотқа жүгінген қыз бен анасы екеуі жеңілді. Әкесі әппақ, таза адам болып шықты. Бұл енді сұмдық жайт.
Осылай ашылған, айтылған оқиға қаншама, айтылмаған қаншама. Жас қыздардың тағдыры құрып жатыр. Осындай жайттарға шыдай алмаған қыздар асылып өліп, суицид жасау да көбейген.

«62 жастағы шал 12 жасар қызды зорлап келген»: Шолақай ауылында сұмдық оқиға болды

Қазақтың ағалары, шалдары ұятсыз болып бара жатыр.
Педофилияның құрбаны болатын те қыздар емес, ұлдар да бар. Ұл балалар кейін гей болып кетеді.
Бір мектептің директоры бар. Өзі намазхан. Баласын үш жыл зорлап келген. Кішкентайынан бастағаннан кейін, «Еее, барлық әке баласын осылай жақсы көреді» деп түсінген. Бұл норма деп қабылдаған. Ол балақай маған келген. Қабылдауымда болды. Ол кезде 8-9 жас шамасында еді. Мен ойлаймын сондай жігіттер гей болып кетеді. Біздің орталыққа алып келген, мүмкін көмегі болып қалған шығар.

- Анна ханым! Зорлық-зомбылықты әу бастан бар деп жатырсыз ғой. Тоқтам бар ма? Әлде, осылай жалғасын тауып кете бере ма?
- Тоқтам бар. Мен Далай-ламаның бір идеясы бар. Мен онымен толықтай келісемін. Оның айтуынша, қазір бастауыш мектепте жүрген балаларды біз медитацияға үйретсек, сол балалардың немерелері ешқашан дауыс көтермейтін, жұдырық көтермейтін бала болып өседі екен. Үйде не көрсең дегені ғой. Сол Далай-ламаның идеясын Ұлыбритания, Еуропаның кейбір мемлкеттері өте жақсы қолға алып, мемлекекттік бағдарлама оқыту министрлігі арқылы әрбір мектепте, әрбір сыныпта майнд фитнес деген сабақ кіргізді. Осы сабақтар бізге де керек.

Ескерту! Сұхбатты көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек!