"Қайыр сұрағанша өлгенің артық": Айгүл Орынбек аяқ-қолы сау бола тұра қайыр сұрайтын қазақ жігіттеріне ашуланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айгүл Орынбектің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін мына ер азамат ақша сұрап алдымнан шықты. Аяқ қолы сау, тепсе темір үзеді. Намысым келді қазақтың жігіттері осылай қол жайып жүргендеріне! Үнемі адам көп келетін мейрамханалардың алдынан көремін. Тек біреу ғана ғой дейін десем, бұлар көп. Түстеніп болып көлігіме қарай бет алдым. Өзге ұлт жігіті (әзірбайжан болу керек) мына жігітке ақыл айтып тұр екен . “Тебе не стыдно, каждый день здесь просишь. Лучше умри чем так просить”-деді де бұрылып кетіп қалды.
Ашуымның келгені ай, қаншама мүгедек достарым бар. Солардың өзі ешкімнен ақша сұрамай, өмірмен арпалысып күндерін көріп келеді! Ал бұлардың аяқ қолдары бүтін, бірақ рухани мүгедек! Осыдан кейін қазақтың 70% ер азаматтары жалқауланып барады десем ренжисіздер! Маған ренжіп қажеті жоқ, көшедегі қол жайып жүрген еркектерге ренжіңдер", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Орынбек Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі ретінде көпшілікке беймәлім. Қоғам белсендісі
Facebook
желісіндегі парақшасында түрлі тақырыптағы жазбалар жазып, көптеген мәселелерді шешіп жүрген заңгер арқылы көпшілік қауымға белгілі.