«Қайырымдылық керуені» байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізу туралы аңдатпа

Сағат 16.00-ден бастап БАҚ өкілдеріне арнап Түркістан қаласындағы «Алатау медиа орталығы» ғимаратында байқау ұйымдастырушыларынан сұхбат ұйымдастырылады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұдан кейін Конгресс-холлда «Қайырымдылық керуені» қатысушылары байқауға қатысуы мен өмірбаяны туралы әңгімелейді.

Байқау төртінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінен ең батыл, қамқор әрі мейірімді жандарды анықтап келеді. Олар өзгенің өміріне араша түсіп, қайырымдылықпен белсенді айналысып, төл мәдениетті дамытты әрі рухани құндылықтарды сақтауға септігін тигізді.

Салтанатты іс-шара барысында жеңімпаздар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарға мейірім» сынды жеті номинация бойынша медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Іс-шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің белгілі мәдениет қайраткерлері қатысады.