Бұл туралы Caravan.kz порталы fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Өскемен қаласының Құрметті азаматы Борис Васильевич белгілі жазушы, зоолог-ғалым. Жас натуралистер станциясында (экобиоцентр) 40 жылға жуық еңбек етті, оқушылардың бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, олардың көпшілігі педагог, ғылым докторы атанды.
Шығыс Қазақстанда құстардың 25 түрін ашты, 350-ге жуық ғылыми мақала жариялады, ботаника, фаунистика, экология бойынша 35 кітап шығарды.
Жоба жеңімпазының бастамасымен Батыс-Алтай және Марқакөл қорықтары, Құлжа және Тарбағатай қорықтары құрылды, Тарханка және Риддер аудандарында ағаш кесу тоқтатылды.
Сондай-ақ Борис Щербаков Чечек шатқалында «Мектеп экологиялық қорығын» ұйымдастырып, жас натуралистерге далалық экология практикасынан өтуге және ғылыми ізденістер өткізуге мүмкіндік жасады.
- Мен кішкентай кезімнен натуралиспін. Көпжылдық жұмысымның басты мақсаты – табиғатты сақтау және адамдардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қамтамасыз ету, - дейді Борис Щербаков.