Қала күніне орай «Алматы бейнесі» фотокөрмесі ашылады

«Көрменің басты идеясы - қала тұрғындары мен қонақтарына соңғы 100 жылда Алматы қаласының архитектуралық келбетінің өзгеру тарихын көрсету»», - делінген ақпаратта.

Көрмеге Алматы қаласының XX-XXI ғасырлардағы архитектуралық келбеттерінің 60 бірегей фотосуреті қойылады. Көрме барысында ҚР сәулетшілер одағының мүшелері фотосуреттерге қажет түсініктемелерді беретін болады.

«Көрме тақырыптар бойынша үшке бөлінеді: «Алматы кеше», ол қаланың құрылуына арналады; «Алматы бүгін»- қазіргі қала туралы және «Алматы ертең»- бекітілген архитектуралық жобалардың фотосуреттері», - дейді ұйымдастырушылар.

«Бұл шара қаладағы сәулет нысандарының құрылыс тарихымен таныс азаматтар тарапынан оң бағаланады, сондай-ақ, оның жастар үшін тәрбиелік мәні бар», - дейді ҚР сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстембеков.

Шара Алматы қ. әкімдігінің қолдауымен, «Казинкомбанк» АҚ демеушілігімен өтеді.