Қалайының нарықтағы бағасы рекордтық жоғары деңгейде қалып отыр

Өткен жылы қалайы 35 пайызға қымбаттаған болатын және биржалық баға тарихтағы ең жоғарғы деңгейге жеткеннен кейін, осы металды өндіретін дүниежүзілік жетекші өндірушілер өз кәсіпорындарын кеңейтіп, жаңа кен орындарын игеруді жеделдеткен. Сонымен қатар, тіптен тұтынушылар - Жапонияның Mitsubishi Materials және Mitsui Kinzoku компаниялары да қалайы қорытпасын шығару көлемін өсіруді жоспарлап отыр.

Жалпы қалайының әлімдік нарықтағы жағдайына жүргізілген талдау алдағы айларда аталмыш металл бағасы жоғары деңгейде - бір тоннасының бағасы 16 мың АҚШ доллары шамасында қалатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.